Алғыс айтамыз
Біздің үйдің кішкентай тұрғындары мереке қарсаңында мейірімді Вера ханымнан тәттіге толы жаңа жылдық қорапшаны сыйлыққа алды. Мерекелік шырша, жыл иесі, ақшақар мен ақұлпақар бейнеленген түрлі пішіндегі тәттілер сәбилеріміздің қызығушылығын оятып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Құрметті Вера ханым! Балаларымыздың жүзіне күлкі, көзіне қуаныш сыйлаған тәттілеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Сізге, мықты денсаулық, шексіз бақыт, мол табыс пен сәттілік тілейміз!
Халқымыз «Кең болсаң – кем болмайсың» деген. Жүрегі жомарт, қолы ашық, жақсылыққа жаны жақын жақсы адамдар – «Тенгри Раннерс» клубы өкілдеріне балаларымызға көрсеткен қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз.
Мейірімділік ― адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы қамқорлық таныта алу қасиеті.
Қайырымдылық ұғымын терең зерттеген ғұлама Әл-Фараби: «адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам.