Алғыс айтамыз
Біздің балалар үйінің жанашыры, ескі досымыз Бауыржан Бекарыстанұлы Танабаевқа, осынау қасиетті Рамазан айында, балаларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқымыз келеді.
Балалар үйінің әкімшілігі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Д.Е. Сағымбаев пен кафедра ұжымына көрсеткен мейірімділігі мен қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Сіздерге, балалар үйінің қызметкерлері мен бүлдіршіндері, көрсеткен қайырымдылық көмектеріңіз үшін, шын жүректен алғысын білдіреді. Сіздер сыйлаған жылы шұлықтар, біздің бүлдіршіндерімізге қыстың суық күндерінде жылулық беретін болады.
Сіздерге шабыт, бақыт, мейірімділік және отбасыларыңызға бейбітшілік тілейміз!
Мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Ораза айы келіп жетті. Осындай қасиетті айда, біздің балалар үйінің «Қабылдау» тобының тәрбиешісі Баян Ақышқызы кішкентай бүлдіршіндерімізді керемет сыйлықтарымен қуантты. Алда жайдары жаз мезгілі келе жатыр.