Алғыс айтамыз

Жақсылық жасау – адамның бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

«Мейрімділік – жүректен» — дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» — деген.

Ең бағалы сыйлық ол – арнайы қолдан жасалған сыйлық. Назым Өтегенова бүгін бізге сәбилеріміз үшін қолдан жасалған арнайы сыйлығын табыс етті.

Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді.