Алғыс айтамыз
Балдырғандарымызды көптен күткен сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мерекесімен құттықтау үшін тәттіге толы сыйлықтарымен біздің үйге ҚР Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рахметов Марат Балхашбекұлы мен мекеме қызметкерлері арнайы келді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне біздің балапандарымызға арнайы әкелген сыйлықтары үшін және білдірген мейірімі үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Қоғамдағы қазіргі тренд қайырымды болуға жетелейді.