Алғыс айтамыз

Көктемгі наурыз айының келгеніне қарамастан, қыс өз қаһарын әлі де төгіп тұр! Қатты қарлы бораннан кейін, балалар үйінің аумағын басып қалған қалың қардан тазартуға, тағы да көмекке Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы аудандық полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері келді. 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген адал ниеттеріңіз үшін алғыс айтамыз. 

Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ұлан «№6636 Әксери бөлімі» Респуликалық Мемлекеттік мекемесінің командирі Дмитрий Анатольевич Бастер мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне Балалар үйінің территориясын қардан тазалағаны үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Балалар үйінің аумағын қардан тазартқаны үшін, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына зор алғысымызды білдіреміз.