Біздің жаңалықтар

2021 жылғы 30 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің  аға мейірбикесі  Нұргүл Қарабалиновна Жақсылықова, қызметкерлерге COVID-19 дертіне қарсы, адамзатты аурудан қорғаудың негізгі алдын алу шараларының бірі ретінде, ресейлік Sputnik V вакцинасы және отандық  QazVac вакцинасы бойынша ақпараттық дәріс өткізді. 

Біздің балалар үйінде сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Бұл бөлме, жұмсақ жабынмен, қабырға және еден төсеніштерімен жабдықталған. Онда жастықшалар, құрғақ бассейн шарлармен, қауіпсіз айналар, ауа көпіршігі бағанасы, тактилді жолдар және құммен сурет салуға арналған панельдер бар. 

Балалар үйі қызметкерлерінің кезекті жиналысында әдіскер Оксана Евгеньевна Гречишкинаның және аға тәрбиеші Лаура Сериковна Бурумбаеваның Глен Доманның "0-ден-4 жасқа дейінгі балаларды ерте дамыту әдістемесі" бойынша сюжеттік – рөлдік презентациясын,

19.04.2020 жылы Балалар үйінде ауруханалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы «ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА, БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЖАҒДАЙЫ». Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, басты мәселенің бірі болып тұр.