Біздің жаңалықтар

Бізде мереке жалғасуда! Бүгін ботаникалық бақ қызметкерлері біздің балаларымызға Ботаникалық баққа экскурсия ұйымдастырды. Балалар жылыжайларды аралап, көптеген мағлұмат пен жағымды әсер алды! Біздің балаларымызға сыйлаған тамаша көңіл-күй үшін алғыс айтамыз!

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің "Мамандандырылған балалар үйі" МКМ-нің  мейірбикесі Алмагүл Жұмағұлқызы Аманжолова  кызметкерлерге СОVID-19 коронавирустық инфекциясы туралы ақпараттық дәріс өткізді. СОVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын-алу, диагностикалау және емдеу бойынша Әдістемелік ұсыныстармен таныстырды.

1992 жылдың 4 маусымы күні – ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде тарихымыздың алтын беттерінен орын алды.

4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ -і базасында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру» тақырыбында кездесу өз жалғасын тапты.