Халықаралық мейір бикелер күнін мерекелеу аясында

Мамыр 12, 2021

2021 жылғы 12 мамыр күні Халықаралық мейір бикелер күнін мерекелеу аясында лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, жоғары кәсібилігі, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қамқоршылық пен мейірім үшін Балалар үйінің медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Алғыс хаттарымен марапатталды.

Күміскайша Мұхаметкаримовна Түсіпова, Айгүл Тайгариновна Ахмедина, Алмагүл Жұмағұлқызы Аманжолова, Гүлмира Төлепбергенқызы Тұрлыбекованы құттықтаймыз.

Балалар үйі қызмекерлерінің жұмысын «Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Нұр-сұлтан қаласындағы филиалы төрағасы Б.Тәжібай да атап өтті. Кәсіподақ қозғалысына белсене қатысып, медициналық жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғағаны үшін Венера Жиенбаевна Уразымбетова және Нұргүл Үшкемпірқызы Акишова Құрмет грамоталармен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ ұжымы медбикелерді шын жүректен лайықты марапаттармен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық және кәсіби шеберлік тіледі!

Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!

Debug: specified directory - https://www.balalar-uii.kz/images/2021news/12.05.21

Оқылды 452 рет