Біздің жаңалықтар

Қазіргі еліміз үшін қиын кезеңде, түрлі аурулардың алдын алу, ескерту және кеңес беру мақсатында біздің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не №7 қалалық емхананың фтизиатр-дәрігері Сәулеш Тұрсынқызы Байжанова шақырылған болатын. 

Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында, «Өрлеу Қазақстан» ҚҚ өткізген, «Білікті - Маман 2021» онлайн-байқауына қатысып, үздік атанған біздің тәрбиешілерімізді: Гүлзада Әубәкірқызы Есжанованы, Әсемгүл Мұсылманбекқызы Жұмабекованы, Маржан Мұқатайқызы Умиржанованы және Бағлан Сұлтанқызы Сакенованы жеңістерімен құттықтаймыз! 

Наурыз - бұл табиғаттың, көктемнің, махаббат пен достықтың, құнарлылықтың жаңару мерекесі! 2021 жылы 19 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Күлімде Наурыз, күлімде» мерекесі өтті.

«Жүз жыл жырлаған жүрек» челленджі жалғасын тапты. Осы челленджге дәріхана меңгерушісі Хасенова Салтанат Оразгалиқызы қатысып, Жамбылдың шығармасын оқыды.