Біздің жаңалықтар

Күз – шығармашылық үшін ең қолайлы уақыт. Күз басталуымен мекемемізде дәстүрлі түрде бүлдіршіндеріміздің тәрбиешілерімен бірге табиғи материалдардан жасалған күзгі қолөнер көрмесі өткізіледі.

Ас адамның арқауы – деген нақыл сөздің астарында қаншама ой тұнып тұрғаны белгілі. Жыл сайын 20 қазан күні бүкіл әлем аспаздары өздерінің кәсіптік мерекесін тойлайды. 

Бүгін біздің «Қоңырау» тобының қылықты аруы – Тамираның туылған күні! Сүйкімді ханшайымды 2 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Шексіз бақыт, мықты денсаулық, жарқын болашық тілейміз. Балапанның ғұмыры шаттық пен қуанышқа, жақсылық пен жетістіктерге толы болсын!

Сенбілік – тазалық таразысы. Мекемеміз ұжымы бүгінгі жылы ауа-райын пайдаланып, қоңыр күздің сарғайған жапырақтарынан балалар үйінің аумағын тазартып, қысты қарсы алуға дайындалды.

Ересектердің белсенді жұмыс жасап жатқанын қызығушылықпен бақылаған бүлдіршінлеріміз, кішкентай тырма күректерін алып, күзгі сенбілік жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сенбелік қызықты әрі көңілді өтті.