Біздің жаңалықтар

Астана күні мерекесіне орай, бүгін топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Менің қалам» тақырыбында балалардың сурет көрмесі өтті. Көрменің мақсаты, бүлдіршіндеріміздің еліне, жеріне деген махаббаты мен патриоттық сезімдерін ояту, жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу. Балалар өз туындыларында Қазақстанымыздың әсем қаласы Астананың, туған өлке Сарықамыздың келбетін, табиғаты мен кең даласын бейнелеген.

Астана қаласы Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Денсаулық сақтау ісінің үздігі - 2024» Республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін «Үздік жас медицина қызметкері» номинациясымен мекемеміздің дәріхана меңгерушісі САЛТАНАТ ОРАЗГАЛИЕВНА ХАСЕНОВА марапатталды.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан алар асуыңыз биік болсын!

Елордамыз Астана қаласы күніне орай, «Мамандандырылған балалар үйі» мекемесінің «Күнім» және «Шиелім» топтарының ұйымдастыруымен «Ел жүрегі - Астана» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Келесі танымдық ойын-сауық бағдарламасы «Ауылға саяхат» атты тақырыпта «Шиелім» және «Ботақан» топтарының тәрбиешілері өткізді. Ауылдағы күнделікті тіршіліктің бір көрінісі, үй жануарлар және олардың төлдері туралы, оларды бір-бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды,жануарларының дыбыстарына дұрыс еліктеуін қадағалау,