Біздің жаңалықтар
06.08.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не біздің үйдің кішкентай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларынан хабар алу мақсатында Оразалина Динара Аманболқызы –
Балалармен міндетті түрде серуендеуі керек! Серуендеу – денсаулыққа пайдалы. Бұл – таза ауа, жарқыраған күн, тамаша табиғат, белсенділік, әлемді тану. Біздің бүлдіршіндеріміз бар ықыластарымен және қызуғышылықпен серуендеуге шығады. Біздің кішкентай сәбилеріміз қаланың көрікті «Жерұйық» саябағына ересектермен бірге серуендеуге шығып, қуанышты көңіл күймен, керемет әсерге бөленді.
30.07.2024 ж. Балалар үйінің қабырғасында Консилиум отырысы өтті, онда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін отбасылардың ісі қаралды.
Консилиум жұмысына қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандары, «АНА ҮЙІ» ҚҚ қызметкерлері, Балалар үйінің қызметкерлері қатысты.
Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Бұл қасиет адамды мейірімділікке үйретеді. Мейірімділік – бұл ешбір қызмет, алғыс немесе мадақтауды талап етпей, риясыз көмектесуге ұмтылу.
Балаларға деген ерекше мейірім мен жылулықты беретін, біздің балалар үйінің ұжымы десек қателеспейміз. Осы ретте ерекше атап кететін, ол біздің бағбан Орал Төлегенұлы.