Біздің жаңалықтар
Жаздың жайма шуақ күндері. Ал біздің үйдің кішкентай еңбекқор егіншілері, өздерінің тәрбиешілерімен бірге еңбектеніп еккен егіндерін жинады. Бұл жылы бүлдіршіндеріміз еккен қияр молынан салып, балаларымызға ерекше қуаныш сыйлады.
гіншіліктің пайдасын сөзбен айтып жеткізу тіптен мүмкін емес. Егіншілік - елдің үміті,басты азық қоры. Егін егуді үйреніп, еңбегінің жемісін көруді сезінуі үшін балапандарымызға балалар үйінің аумағынан арнайы шағын жер бөлінген. Балаларымыз көктем келіп, күн жылынып, егіннің қамы басталған кезден өздерінің бақшаларына жиналып, жаздың жайдыры жылы күндерінде егін егіп, суарып, өсірумен айналысады. Осылайша, жас агрономдарымыз өздерінің сүйікті көкөністерін өсіру мүлде қиын емес екенін біледі.
12.07.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Шиелім» оңалту тобы бүлдүршіндерінің бітіру кеші өтті.
Мерекелік іс-шара барысында, балғындар ата-аналарына 3 айлық оңалту кезінде алған дағдылары мен өз жетістіктерін көрсетті – олар қасықтар мен музыкалық аспаптарда ойнады.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana» мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асыруда.
Бүгін “Күнім” күндізгі оңалту тобында мереке. Сүйкімді бүлдіршін, Арманның туған күні. Керемет, батыл, көңілді және ақылды балапанды шын жүректен құттықтаймыз. Арман, біз саған қабілетті, жігерлі, алғыр, тәрбиелі және мықты бала болып өсуіңді тілейміз. Ата-анаңның қуанышы, еліміздің мақтанышы болып ер жет! Өмірің түрлі қызықтар мен қуанышты сәттерге толы болсын. Саған зор денсаулық және осы қызықты әлем туралы білуге, нағыз ержігіт болып өсуге деген қажымас қайрат тілейміз. Туған күніңмен, тәтті бүлдірші.