Біздің жаңалықтар
Жыл күнтізбесіндегі 1 – желтоқсан күні еліміз үшін маңызды күндердің бірі. 1991 жылғы 1 – желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде, еліміз өзінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлын сайлаған болатын.
Бүгін біздің «Шиелім» тобында думанды күн. Кішкентай қылықты сәбиіміз, Руслан 1 – жасқа толды. Бірақ, өкініштісі балапанымыз аздап сырқаттанып қалып, қәзір емханада жатыр.
«Бала денсаулығы – біздің қолымызда»
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде денсаулығына көңіл бөлу және дені сау ұрпақ ретінде тәрбилеу маңызды іс.
Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні – бұл балалардың құқықтары туралы хабардар ету және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара.