Біздің жаңалықтар

«Отбасы бақыт мекені» отбасы мерекесіне арналған апталық аясында еліміздің болашағы балаларымыздың денсаулығын шыңдау мақсатында «Мен және сен – отбасымыз берік біз» спорттық эстафетасы ұйымдастырылды. Сайысқа «Қуыршақ», «Қоңырау», «Шиелім», «Бөбек» тобының бүлдіршіндері қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күнін мерекелеу аясында 14-21 қыркүйек аралығында «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Отбасы – бақыт мекені» апталығы өтеді.

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде бүгін әдеттегідей осы аптаның қорытынды жиыны өткізілді. 

Туған күніңмен, сүйкімді балапан! Өмірде бақытты күндерің мен керемет сәттерің көп болсын. Саған мықты денсаулық, бақыт пен сүйіспеншілік тілейміз. Әрқашан жолың болып, сәттілік серігің болсын. Саған өмір жолыңда тек ақылды, жақсы және адал достар кездессін. Бақытты бол!