Біздің жаңалықтар
Бүгін "Бөбек" жанұясының сұлу, әрі тәп-тәтті бүлдіршіні Хайфа - 2 жасқа толды! Туған күнің құтты болсын, кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілеймыз! Ғұмыр жасын ұзақ, денсаулығың мықты, болашағың жарқын болсын!
25 маусымда біздің логопедтер Гаукар Зейноллақызы Абсеитова және Ирина Вадимовна Верховец қызметкерлерге арнап, республикалық «Дефектология» және Ресейлік «Логопед» ғылыми-әдістемелік журналдарындағы жаңалықтармен бөлісу мақсатында ақпараттық сағат өткізді. Мамандар журналдардағы мақалаларға шолу жасады. Олар жаңа білімді практикада қолдану тәжірибесімен бөлісті. Қызметкерлермен «Мен сияқты жаса», «Менен кейін қайтала» шеберлік класын өткізді.
Біздің «Үміт» тобындағы егіздеріміз Лиана мен Илья - 2 жасқа толды. Туған күндерің құтты болсын, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! Сендерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақытты күндерің көп болсын деп тілейміз!
Құрметті полиция департаментінің қызметкерлері!
Астаналық балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері, сіздерді Қазақстан Республикасының "Полиция күні" мерекесімен шын жүректен құттықтайды!