Біздің жаңалықтар
Апта сайынғы жоспарлы жиналысында балалар үйінің аға медбикесі Нұргүл Қарабалиқызы және процедуралық медбике Айнұр Еділқызы «Мейірбике ісі» журналының беттерінен қызметкерлерге арналған ақпарат сағатын өткізді.
Олар журналдардағы мақалаларға шолу жасады. Дәрігерлер жаңа білімді практикада қолдану тәжірибесімен бөлісті. «Ересектер мен балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету» шеберлік-класын өткізді.
Саябақтағы жазғы серуен әрқашан ашық түстерге, қуанышты күлкілерге және жүздері қызарған, көңілдері алып ұшқан қуаныштарға толы! Кішкентайлар айналаға бар ынта-ықыластарымен, таңырқаумен қарайды. Оларға барлығы жаңа, барлығы қызық! Осы серуеннен кішкентай сәбилеріміз жағымды эмоциялар, табиғатпен танысу, қуанышты көңіл-күй алып қайтты.
Ертегілер-бұл балалардың ең танымал және ең сүйікті жанры. Ертегілер жақсылыққа, қиындықтардан қорықпауға, бір-біріне көмектесуге үйретеді.
"Үміт" тобының тәрбиешілері Қалдыгүл Қозыкөрпешқызы, Жанар Әубәкірқызы, Жанар Мәденқызы және "Алақай" театр студиясының жетекшісі Алмагүл Алтыбайқызы балаларға "Ақылды балапан" ертегісінің театрлық премьерасын көрсетті.
Жаз-жылдың ең керемет мезгілі! Бұл кез-келген ауа-райында балалардың көп уақытын далада өткізетін таңғажайып уақыты. Сондай-ақ күнге қыздырынуға, шомылуға, табиғатта таза ауада серуендеуге, құмарың қанғанша велосипед тебуге үлгеру керек. Бұл - бала денсаулығын шынықтыруға, нығайтуға және дамытуға таптырмайтын ең керемет кезең.