Біздің жаңалықтар
9 шілде күні балалар үйінің педиатр дәрігері Бағира Игенқызы Жүнісбекова апта сайынғы жалпы жиналыста қызметкерлер үшін, Халықаралық кәсіби "Медицина" журналының беттері бойынша ақпараттық сағатын өткізді.
Балалардағы туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыруды арттыру және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жұмысты жандандыру мақсатында медбике Венера Жиенбайқызы балалар үйінің қызметкерлері үшін "Балалардағы туберкулездің алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді.
Шілде айының 03 жұлдызында, біздің балалар үйіне «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру шеңберінде жұмыс сапарымен, бір топ партия мүшелері келді.
6 шілдеде Еуразияның інжу-маржаны - біздің республикамыздың астанасының пайда болғанына 24 жыл толады.
Елорда күніне орай, біздің балалар үйінде, бүлдіршіндеріміз бен қызметкерлерімізге арналған мерекелік іс-шара өтті.