Біздің жаңалықтар
«Үміт» тобының кішкентай ханзадасы – Алихан 3 жасқа толды. Өзінің есте қаларлық ерекше мерекесін көңілді өткізуі үшін, Алиханның достары қонаққа Аю мен Қоянды шақырды. Ал мекемеміздің мамандары бірлесіп құрған қайырымдылық топ мүшелері Алиханға ерекше тосын сый жасады. Әдемі үрме шарлар мен өзі армандаған ойыншықты сыйға берді. Алиханды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.
Қыран болып самғап, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, ботақан.
Айналамыз алтын түске оранып, қоңыр күз келді. Жаздың жайма шуақ күндері суық күнге ауысты. Ал біздің үйдің кішкентай еңбекқор егіншілері, өздерінің тәрбиешілерімен бірге жаз бойы еңбектеніп еккен егіндерін жинады.
Күзгі сенбілік – таза қалада өмір сүру ғана емес, сонымен бірге күз мезгілінде мұңын сейілту және уақытты тиімді өткізіп, таза ауада серуендеу.
Біздің «Шиелім» жанұясының сымбатты бүлдіршіні Мирас кеше 3 жасқа толды. Туылған күнге ертегі кейіпкерлері «Щенячий патруль и Кукла Лол» арнайы келіп, балапанымыз өзінің мерекесін достарымен және сүйікті кейіпкерлерімен думанды атап өтті.