Біздің жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде балалармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерге психологиялық оқыту курстары циклі басталды. Алғашқы тренингтің тақырыбы «Ресурс. Адамның ресурстық күйі».
08 сәуір күні балалар үйінің ЕДШ нұсқаушысы Нұргүл Ушкемпировна мекеме қызметкерлері үшін «Тірек-қимыл аппараты бұзылған ерте жастағы баланы дұрыс орналастыру: отыру, тұру жағдайы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
«Үміт» жанұя тобының сымбатты бүлдіршіні Богдан бүгін 1 жасқа толды.
Туылған күнің құтты болсын, Богдан! Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол!
«Баланың икемділігі мен дарынының қайнар көзі – оның саусағының ұшында» В.А.Сухомлинский.
Сурет – балалар шығармашылығының ең сүйікті түрлерінің бірі. Ерте жастағы балалар сурет сала алмаса да олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын назардан тыс қалдыруға болмайды.