Біздің жаңалықтар
Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда.
Жыл сайын көптеген балалар биіктіктен құлап зардап шегеді. Бұл туралы жиі айтылғанымен, қайғылы жағдайлар азаймай отыр. Күн жылынып, терезелердің ашылуына байланысты балалардың ашық терезеден құлауы қайғылы жағдайға алып келуде. Көптеген ата-аналар терезені ашық қалдырудың бала үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытып кетеді.
Бүгін біздің тәп тәтті бүдіршіндеріміз Матвей мен Тимофей 3 жасқа толды.
«Үміт» тобының тәрбиленушілері егіздеріміз Тимофей және Матвейдің туылған күндері! Ғажайып туылған күніне орай, тәтті бәліштің дәмін татып балалар қызықтап қайтты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау басқармасы» бөлімінің бас сарапшысы Перизат Қайратқызы Әбілпейсова жұмыс сапарымен келді.