Біздің жаңалықтар
28.06.2022 жылы балаларымыз «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан «Kango» батут орталығында болды. Балалар батутта секіріп, құрғақ бассейнге сүңгіп, белсенді ойындар ойнады.
2022 жылғы 27 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза қонаққа келді.
«Алматы» аудандық филиалының «Медицина қызметкері күні» мерекесіне орай арнайы «Алғыс хаттарын» алды
Елордалық балалар үйінің қызметкерлері – директор Кенжебаева Сәуле Кенжетайқызы, Бекмағанбетова Гаухар Ибрагимқызы, Сейтенова Дурия Қаратайқызы, Тулеубекова Күлбаршын Жаймағамбетқызы, Кусаинова Бахытгул Хамитқызы «Amanat» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының «Медицина қызметкері күні» мерекесіне орай арнайы «Алғыс хаттарын» алды.
Бүгін — егіздеріміздің туылған күні. «Үміт» тобының тәтті бүлдіршіндері Илья мен Лиана 3 жасқа толды. Осыған орай, ардақты да асыл, қылықты да сүйкімді балапандарымызды шын жүрегімізбен бүгінгі мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз.