Алғыс айтамыз

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.

Әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатынан бастау алған ізгілік рухы қоғаммен бірге жалғасып келеді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп, ұлы Абай айтпақшы, иісі қазақтың бойында балаға деген көңіл ерекше.

«Қамқорлық» адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Айналаңдағы жандарға қол ұшын беру, көмектесу, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен, ізгі ниетпен білдірілетін жақсылық адам жанына жылу сыйлайды.

Балалар үйінің әкімшілігі, Астана қаласы әкімдігінің «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК оқушылары мен Абилхан Томирис Ерболқызына, еліміздің болашағы – жас ұрпағымызды жанашырлық пен қамқорлыққа тәрбиелеп, ізгілікке бастайтын игі бастаманы қолға алып,