Біздің жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне, бүгін мамандарымыз балалармен таза ауада «Теремок ертегісі бойынша саяхат» атты спорттық көңіл-көтеруге арналған мерекелік сайыс өткізді. 

Біздің үйде Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Байтақ елім, киелі жерім – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауы жарияланды. Сайыс нәтижесі 28.08.2020 жылы 14:00-де анықталады.

Сергей, өмірде алдыңа көптеген мақсаттар қойып, жоғары жетістіктер мен сәттілікке қол жеткіз. Жақсы күндерің мен бақытты сәттерің көп болсын. Жаныңда үнемі жақсы адамдар, ал ойыңда жарқын идеялар болсын. 

Бүгін жылы ұямыздан қос балдырғанымыз Бақыт пен Альжанды Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы Жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына шығарып салдық.