Біздің жаңалықтар
Туған күніңмен, сүйкімді балапан! Өмірде бақытты күндерің мен керемет сәттерің көп болсын. Саған мықты денсаулық, бақыт пен сүйіспеншілік тілейміз. Әрқашан жолың болып, сәттілік серігің болсын. Саған өмір жолыңда тек ақылды, жақсы және адал достар кездессін. Бақытты бол!
Біздің үйде «Алақай» қуыршақ театр студиясы 2 жылдан бері жұмыс істейді. Ай сайын сәбилеріміз ертегінің сиқырлы әлемімен кездеседі. Толықметражды қуыршақ, көлеңке театрлары балаларды әртүрлі ертегілермен таныстырады.
«Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры».
«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы біздің үйдің көпбалалы аналарына оқу жылы қарсаңында арнайы көмегі мен қолдауы ретінде мектепке баратын бүлдіршіндері үшін өздеріне қажетті заттарды «abdi» бренд желісінен сатып алуға арналған 10 000 тг көлеміндегі сертификаттарды сыйға берді.