Біздің жаңалықтар

22 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің күндізгі «Ботақан» тобы мен «Күнім» оңалту тобы «Түрлі түстегі – Ана тілі» сурет көрмесін өткізді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының 20 ғасыр басындағы ұлт азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ағартушы, ақын және қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаушы публицист.

«Ана тілі» апталығы аясында және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 2022 жылдың 8 қыркүйегінде «Ботақан» күндізгі тобының балалары Қаламгерлер аллеясында болды.