Біздің жаңалықтар
Балалар үйінің бақшасында біздің жас диқандарымыз көкөніс өсіреді – өз қолдарымен өсірген экологиялық таза өнімдер балалардың еңбекке деген құлшыныстарын арттыра түседі. Олар жыл сайын мамандармен және тәрбиешілерімен бірге қияр, қызанақ, сәбіз және т.б. көкөністер өсіреді.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, әлеуметтік жұмыс жөніндегі заңгер Бауыржан Құрманғазыұлы Габдуллин қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» тақырыбында ақпараттық дәріс оқыды.
2022 жылдың 23 қыркүйегінде балалар үйінде «Ботақан» күндізгі тобының «Топтың қызметімен таныстыру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысы ашық диалог түрінде өтті, жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Мешітке кез келген адам ізгілік іздеп келеді. «Мешіт» – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, адамның жаны тыныштық табатын, сондай бір қасиетті мекен.