Біздің жаңалықтар

Бүгін «Үміт» тобының бүлдіршіні Аяулымды туылған күнімен құттықтай отыра, ізгі тілекті өлең шумақтарын жолдаймыз.

Көктемнің күлімдеген күні болшы,

Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,

Қуанышты, көңілді өмір сүріп,

Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!

Бүгін «Ботақан» тобының ер жігіті Бейбарыстың туылған күні! Өмір жасың ұзақ, әрі бақытты күндерге толы болсын! Біз сендерді жақсы көреміз.

28.12.2022ж. біздің балаларымызды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, керемет сыйлықтарымен бақытта бөлеп, қуаныш сыйлау үшін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин мырза келді.

Балдырғандарымызды көптен күткен сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мерекесімен арнайы құттықтау үшін бүгін біздің елордалық балалар үйіне Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы келді.