Біздің жаңалықтар
«Түрлі-түсті» мерекелік кеш! Балалар үйінің ұжымы туылған күнге арнайы ұйымдастырған кеш, балаларды қуантып, жүздеріне күлкі, жүректеріне үміт, мейірім мен махаббат сыйлады. Әр бала, осы бір керемет кештің бас кейіпкері! Балалардың жүрегін жылу мен махаббатқа, қуаныш пен сенімге, арман мен мақсатқа толытырар болсақ, болашақтары да жарқын болмақ! Әр бейнеден қуаныш пен шаттықты, бүгінгі күннің естелігінен көре аласыздар!
Бүгін «Шиелім» тобының тәтті бүлдіршіні Темирлан 1 жасқа толып отыр. Балалар үйінің ұжымы «Тұсау кесер» мен «Түрлі-түсті» мерекелік кеш ұйымдастырып туылған күнді жоғары дәрежеде атап өттік! Балапанның тұсауын, ұжымның еңбекқор, адал, қамқор, Жанат ағамыз кесіп, ақ батасын айтты!
Бүгін балапандарымызбен «Қоңырау» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Аққала» ойынын өткіздік. Ұлағатты ұстаздарымыз тәрбие мен білімге құштар балалардың көңілін көтеретін ойынмен бір қуантып қойды. Балалар қуана-қуана әр ойынды ерекше махаббатпен ойнай отыра, шыр айналып билеп алды. Балаларымыздың әр сәті тәтті естеліктер мен қуанышқа толып отыр. Қызықты күндер таусылмасын. Білімнің шыңында, бақыттың құшағында балапандармен өткен уақыттан үзінді.
Бүгін «Үміт» тобының тәтті балапаны Иванның 2 жасқа толған туылған күні! Туылған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймыз! Біз сені жақсы көреміз.