«Спартакиада-2022» салтанатты түрде ашылуы болды

Мамыр 27, 2022

2022 жылдың 11 наурызында «Hungry Rabbit» кешенінде елорданың денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасындағы «Спартакиада-2022» салтанатты түрде ашылуы болды.

«Спартакиада-2022» аясында әйелдер арасында бірінші боулингтен жарыс өтті. Боулингтен өткен жарысқа балалар үйінің қызметкерлері қатысып, үздік үштікке кіре алмағанымен, өте жақсы нәтиже көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдар қызметкерлері арасындағы «Спартакиада-2022» спорттың 8 түрінен өтуде. Балалар үйінің қызметкерлері «Спартакиада-2022» аясында өткен арқан тарту, гір спорты, жеңіл атлетика жарыстарына белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. 

Салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттауға бағытталған «Спартакиада-2022» спорттық жарыстарына қатысқан балалар үйінің қызметкерлері қуанышты көңіл-күй мен ерекше әсерге бөленді. 

Спорттық шараның ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен «AQNİET» Қазақстан салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының елордалық филиалы.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасындағы «Спартакиада-2022» медицина қызметкерлері күніне дейін жалғасады.

Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!

Debug: specified directory - https://www.balalar-uii.kz/images/2022news/27.05.22

Оқылды 413 рет