Жылы ұясына қос бүлдіршінді шығарып салдық

Тамыз 17, 2020

Бүгін жылы ұямыздан қос балдырғанымыз Бақыт пен Альжанды Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы Жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына шығарып салдық. Көзді ашып жұмғанша, 4 жыл уақыт лезде өте шығыпты. Дәрігеріміз Лидия Михайловна кеше ғана Альжан мен Бақытты алып келген еді. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балдырғандарымыз көптеген кәсіби мамандарымыз психолог, логопед, ЛФК мамандары, дәрігер, медбике, тәрбиешілерімен оңалту жұмыстарын жүргізіп, біршама іс-қимылдарды өздері жасауды үйренді. Балаларымыздың әрбір өзіндік жетістігі біз үшін үлкен қуаныш!

Бүлдіршіндеріміз үшін арнайы шағын қоштасу салтанаты рәсімі ұйымдастырылып, балапандарымыз би-билеп, ән салып, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтерді. Мекемеміз басшысы Сауле Кенжетаевна балаларымызға ізгі тілегін білдіріп, ақ жол тіледі. Ал, сәбилеріміздің достары, біздің үйдің кішкентай тұрғындары қоштасу салтанатында Альжан мен Бақытқа арнайы өлең жолдарын жатқа айтып, жылы лебізіндерін білдірді.

Бақыт, Альжан біз сендерді жақсы көреміз. Өмір жастарың ұзақ болсын. Көздеген мұрат - мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыптарыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра беріңдер. Жалғанда жамандық көрмей, өмірлерің уайым қайғысыз өтсін. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.

  • 01
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 098
Оқылды 407 рет