Көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз қарсаңында біздің біліктілігі жоғары реабилитолог дәрігеріміз Айгүл Тұрсынқызы мемлекеттік жоғары марапат — «Құрмет» орденімен марапатталды.
Бұл марапат — Айгүл Тұрсынқызының денсаулық сақтау саласына қосқан өлшеусіз үлесінің, мыңдаған науқастың алғысы мен өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.
Құрметті Айгүл Тұрсынқызы, балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан Сізді лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақ денсаулығын нығайту жолындағы қажырлы еңбегіңізге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Сізге ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, шексіз бақыт, мықты денсаулық, сәттілік пен табыс тілейміз! Мерейіңіз үстем болсын!
