8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының “Мамандандырылған балалар үйі” КММ-нде, мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты іс-шарада балалар үйінің директоры Жанна Асқарқызы нәзік жанды әріптестерімізді көктем мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, жұмыста табыс, отбасыларына береке-бірлік тіледі. Сондай-ақ белсенді қызмет атқарып жатқан аяулы жандарға Астана қаласының “Білім басқармасы” басшысы Қасымхан Сенғазыұлы мен балалар үйінің «Алғыс хаты» табысталды. Кеш соңында нәзік жандарымызға Кәсіподақ ұйымы атынан мерекелік сыйлықтар үлестірілді.
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Көктемгі көңіл-күй, шаттық, жылулық пен шабыт тілейміз. Жаныңыз бен жүрегіңіз бақыт пен махаббатқа толы болсын. Өмірге риза болып, жақындарыңыз сізді бағалай білсін!