Арнаулы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған күндізгі топ жұмысымен таныстыру бойынша дөңгелек үстел өтті

Ақпан 18, 2026

Бүгін елордадағы «Мамандандырылған балалар үйінде» арнаулы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған күндізгі топ жұмысымен таныстыру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің мақсаты – балалардың отбасында өмір сүруіне барынша жағдай жасау және ата-аналарға жан-жақты қолдау көрсету.

Жиынға Астана қаласы «Алматы» ауданы ЮПБ ПБ басшысы, полиция подполковнигі Алия Қадырқызы, Астана қаласы «Психологиялық қолдау орталығы» КММ басшысы орынбасары Нұрперзент Жаңабайұлы, «АНА ҮЙІ» ҚҚ атқарушы директоры Раушан Амангелдіқызы мен қоғамдық қор өкілі Айжан Жақсыбайқызы, «Қорғау-Дағдарыс орталыңының» әлеуметтік қызметкері Мишелова А.К., қалалық және жеке емханалардың әлеуметтік қызметкерлері мен өкілдері қатысты. Барлығы 50-ге жуық маман біріккен талқылауға атсалысты.

Негізгі тақырып – қиын отбасылық жағдайдағы ата-аналарға қолдау көрсету, бала мен отбасы арасындағы байланысты нығайту, баланы қоғамға және балабақшаға дайындау.

Балалар үйінің әлеуметтік қызметкерлері Оксана Владимировна, Гүлнұр Болатбекқызы, Айжан Елдосқызы жиынға қатысушыларды мекемедегі күндізгі топтардың жұмысымен таныстырды. Директордың орынбасары Анаргүл Нухаевна мекеме жұмыстарының құрылымы мен тиімділігі туралы баяндады. Методист Оксана Евгеньевна ата-аналарды балалар үйінің қызметімен таныстырды.

Бұл дөңгелек үстел – мемлекеттік органдар, медицина ұйымдары, қоғамдық қорлардың күш біріктіруінің көрінісі. Балалар игілігі үшін үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!

Оқылды 26 рет