«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мамандары арнайы жұмыс сапарымен келді

Қараша 20, 2025

Бүгін біздің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не Астана қаласының «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мамандары арнайы жұмыс сапарымен келді.

Қонақтар біздің кішкентай тұрғындарымыздың өмірімен, жағдайларымен танысып, мекемедегі денсаулықты нығайту және оңалту жұмыстарына ерекше қызығушылық танытты.

Қонақтарымыз мекеменің жұмысымен, соның ішінде ЕДШ, физиотерапия кабинеттері, бассейн, логопедтер мен Монтессори кабинеттерімен танысты. Бұл жабдықталған бөлмелер біздің балаларымыздың дамуына үлкен үлес қосады. «Шиелім» оңалту тобының кішкентай тұрғындары қонақтарымызды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Олар өздерінің жұмыс сапарын қорытындылап, елордалық балалар үйінің қызметін жоғары бағалады.

Оқылды 30 рет