«Алтын күз» мерекесі өтті

Қараша 13, 2025

Елордалық балалар үйінде «Алтын күз» мерекесі өтті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз мерекеге бар ықылас-зейіндерімен, қызығушылықтарымен атсалысып, әсем күз мерекесін ерекше атап өтті.

Мерекелік бағдарламада балдырғандарымыз «Күз ханшайымы» және сүйікті кейіпкерлері Аюмен бірге ән айтып, би белеп, қызықты ойындар ойнап, ертеңгілікті есте қаларлықтай қызықты өткізді. Ертеңгілікке белсенді қатысқаны үшін балаларымызға арнайы алғыс хаттар мен мадақтамалар табыс етілді. Сондай ақ, «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ АРУЫ 2025» байқауына қатысып, бас жүлдені «Бөбек» тобы, 1 орын «Қоңырау» тобы, 2 орын «Жұмбақ», 3 орын «Қуыршақ» тобы иеленді.

Ал Күз ханшайымының «Тәттіге толы себеті» балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл тамаша күз мерекесін ұйымдастыруға атсалысқан тәрбиешілерге, мамандарға және белсенділік танытқан бүлдіршіндерімізге алғыс айтамыз!

Оқылды 32 рет