«Күзгі Қиял» атты қолөнер бұйымдары көрмесі өтті

Қараша 07, 2025

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйінде» жыл сайынғы дәстүрлі «Күзгі Қиял» атты қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.

Ең әсем, ең бояулы, ең берекелі мезгіл – Алтын Күз, балалардың қиялы мен шығармашылығына шабыт берді. Жылдың осы керемет уақытын, табиғаттың сұлулығын, күзгі молшылықты дәріптеу мақсатында, біздің тәрбиеленушілеріміз ерекше туындыларды жасады.

Көрмеге күндізгі топтардың ата-аналары мен біздің балаларымыздың тәрбиешілермен бірге жасаған әртүрлі композициялары қойылды. Әр бұйым – балалардың жүрегінен шыққан жылылық пен қиялдың жарқын көрінісі.

Қолөнер бұйымдарын жасауға атсалысқан барлық топтарға, тәрбиешілерге және ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз бен шығармашылықтарыңыз біздің балалар үйіне айрықша сұлулық пен мерекелік көңіл-күй сыйлады!

  • 001
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
Оқылды 30 рет