«Мамандандырылған балалар үйінде» маңызды өрт қауіпсіздігі оқыту жаттығуы өтті. Біз өрттердің алдын алуды және төтенше жағдайларда өзімізді қорғауды үйрендік.
Астана қаласы «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Көшкімбаев Р.М., қызметкерлерімізге өрттің шығу себептерін, алдын алу жолдарын, автоматты өрт дабылы іске қосылғандағы әрекеттерді және «112/101» нөмірлеріне дұрыс хабарлау тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жаттығу барысында өрт кезінде қолданылатын құралдар көрсетіліп, оларды пайдалану әдістері пысықталды.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді. Қатысушылардың сұрақтарына тәжірибеден мысалдар келтіріле отырып, жауап берілді.
Бұл оқу жаттығуы мекемедегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің өртке қарсы психофизиологиялық дайындығын арттыру мақсатында өткізілді.