Елордалық балалар үйінің маңызды әрі айтулы іс-шаралары әрқашан ерекше жылулықпен өтеді. Себебі біздің мерекелерімізде көз қуантатын ерекше сұлулық – "Medina Flowers" гүлдер дүкенінің арқасында болғанын айтқымыз келеді!
Сіздер біздің әрбір мерекелік сәтімізге, әрбір маңызды жиынымызға жан бітіріп, көрік бердіңіздер. Сіздер сыйлаған әрбір нәзік гүл шоғы, әрбір хош иісті гүл - балаларымыздың жүрегіне қуаныш пен эстетикалық ләззат сыйлады. Гүлдердің жанға жайлы иісі мен әдемілігі біздің ортамызды шынайы сұлулыққа айналдырып, әрбір сәттерді ұмытылмастай етті.
"Medina Flowers" – бұл тек гүлдер дүкені ғана емес, бұл әлемге сұлулық пен мейірімділік сыйлайтын нағыз өнер ордасы екеніне көз жеткіздік. Гүлназ ханым, сіздің жомарттығыңыз бен ізгі ниетіңіз біздің балаларымыздың есінде мәңгі қалары сөзсіз. Әсіресе балалардың көзіндегі жарқыраған қуаныш, сіздердің осы еңбегіңіздің ең үлкен жемісі.
Гүлназ ханымға және "Medina Flowers" гүлдер дүкенінің ұжымына балалар үйінің барша тұрғындары мен ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердің гүлденген бизнестеріңіз әрқашан гүлдей берсін, өмірлеріңіз де сол гүлдер сияқты әдемі әрі хош иісті болсын!