Елордалық балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан №36 жалпы білім беретін мектептің ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен жомарттықтарыңыздың арқасында біздің бүлдіршіндеріміз тәттілерге, ойыншықтарға, сондай-ақ ұлттық нақыштағы әсем бұйымдарға ие болды. Балалардың қуаныштан жарқыраған көздері мен шат күлкілері – сіздердің ізгі ниеттеріңіздің ең үлкен көрінісі!
Мұндай қолдау біздің балаларымызға үлкен рухани күш беріп, олардың жүрегіне жылулық ұялатады. Сіздердің әрбір сыйлықтарыңыз балалардың есте сақталатын қуанышты сәттеріне айналды.
№36 жалпы білім беретін мектеп ұжымына мықты денсаулық, шығармашылық табыс және жұмыстарыңызға тек қана жетістіктер тілейміз! Жомарт жүректеріңіз бен ақ ниеттеріңізге мың алғыс!
