Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де қызметкерлер үшін маңызды ақпараттық сағат өтті. Адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы Айгүл Шабденовна «Қызметкерлердің Іскерлік этикасы» тақырыбында құнды мәліметтермен бөлісті.
Ақпараттық сағат барысында келесі маңызды тақырыптар кеңінен талқыланды:
- ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
- ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ
- ІСКЕРЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ
- ҰЙЫМ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ОРТА ЖӘНЕ КІШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ
Бұл біздің мекемедегі жұмыс мәдениетін, кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға және әсіресе балаларға қатысты қызметкерлердің жоғары этикалық стандарттарды сақтауына үлкен маңыз береді. Біздің ұжым этикалық нормаларды сақтау және кәсібилікті арттыру жолында үнемі дамуға ұмтылады.