07.10.2025 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де «Мамандандырылған балалар үйіндегі педагог мамандардың жұмысы. Балалармен жұмыс жасаудың жаңа бағыттары» тақырыбында аурухана кеңесі өтті.
Аурухана кеңесін біздің аға тәрбиешіміз Лаура Серікқызы мен әдіскер Оксана Евгеньевна өткізді. Олар өздерінің құнды тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиеленушілерімізбен жұмыс істеудегі инновациялық тәсілдерді ұсынды.
Кеңес барысында балаларды жан-жақты дамытуға және олардың әлеуметтенуіне бағытталған заманауи әдістемелер мен тиімді стратегиялар талқыланды. Әрбір бала үшін ең қолайлы жағдай жасауға көмектесетін педагогикалық қызметтегі жаңа бағыттарға ерекше назар аударылды.