Ұстаздар күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті

Қазан 03, 2025

«Білімнің бастауы — мейірім мен қамқорлықта,

Ал мейірімнің мекені — балалар үйі.»

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің музыка залында Ұстаздар күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті.

Кәсіби мерекеге арналған бұл шара барысында мекемеге өз еңбегімен үлес қосып, балаларға білім мен тәрбие, мейірім мен жылулық сыйлап жүрген ұжым мүшелеріне Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Рүстем Серікұлының атынан “Алғыс хаттар”, сондай-ақ Астана қаласы «Білім басқармасының» басшысы Сенғазыев Қ.С. мен «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің арнайы алғыс хаттары табысталды.

Жыл бойы балаларға сүйіспеншілік пен қамқорлық танытып жүрген аяулы тәрбиешілерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтап, тынымсыз еңбектері үшін алғысымызды білдірдік.

Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер!

Білім мен мейірімге толы еңбектеріңіз жемісті болып, құрметтеріңіз арта берсін!

Балаларға бағыт берген әрбір жылы сөзіңіз — олардың болашағына жарық сәуле болсын!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
Оқылды 42 рет