Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті.
Заңгер Жарылғапов М.М. біздің балалар үйінің қызметкерлеріне арнап танымдық дәріс оқыды. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушіліктің маңызды аспектілері талқыланды.
Біз адалдық, ашықтық және этика қағидаттарын ұстану салауатты қоғам құрудағы басты элемент болып табылады деп сенеміз. Мұндай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ұжымдық жауапкершілікті нығайтуға көмектеседі.