Күлкі мен қуаныш мерекесі!

Шілде 15, 2025

Елордалық балалар үйінде «Сүйікті ойыншықтардың мерекесі» атты танымдық ойын-сауық бағдарламасы өтті.

Мерекеде балалар биледі, көңілді ойындар ойнады. Тәрбиеленушілеріміз көптеген жағымды эмоцияларға ие болып, ұйымдастырылған іс-шара көңілді, жарқын, қызықты өтті.

Көңілді ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырған «Күндізгі оңалту топтары» тәрбиешілеріне алғыс айта отырып, әрқашан мәртебелері биік, мерейлері үстем, еңбектері жемісті, талаптары сәтті болуын тілейміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
Оқылды 52 рет