Елордалық балалар үйінің мамандарына екіжақты меморандум аясында Астана қаласы әкімдігінің №1 «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы өкілдері JASPER «AСБ бар баламен ойынды қалай ұйымдастыруға болады» атты семинар өткізді.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: — «JASPER» — аутистік спектрі бар балалармен түзету жұмысында ойын әдістерінің бірі; — «Jasper» әдістемесі бойынша балалардың ойын және коммуникативтік дағдыларын бағалау; — Арт-терапия әдісінің балалар қорқынышын түзетудегі маңыздылығы.
«Асыл Мирас» аутизм орталығының ұжымына балалар үйі ұжымы мен әкімшілігі алғысын білдіреді және Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт тілейді! Қолға алған әрбір бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, жетістікке жеткізсін.