Балалардың шығармашылық қиялы ұшқыр, шығармашылық арқылы бала әлемді өзінің көзқарасы арқылы танып ойын ашық жеткізуді үйренеді. Балада өмірге деген өзіндік көзқарас қалыптасады. Бүлдіршіндеріміз Бубенов Руслан және Балабай Бекарыс – балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған Республикалық «Көкжиек» білімділер сайты ұйымдастырған «Қолөнер – мол өнер» шығармашылық байқауына қатысып 1 – орынды иеленді. «Көкжиек» Республикалық білімділер сайтының ұйымдастыруымен өткізілген балабақша бүлдіршіндеріне арналған шығармашылық байқауға сәбилерімізді қатыстырып, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Кисамединова Гаухар Хамитовна арнайы «Дипломмен» марапатталды.
Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!
Debug: specified directory - https://www.balalar-uii.kz/images/2020news/05.10