Біздің балалар үйінің ұжымы, Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Тыңбай еңбек етіп келе жатқан қызметіңізде, өзіңіздің тәжірибелі маман екеніңізді жан- жақты көрсете білдіңіз. Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Асыл жарыңыздың, ұл-қызыңыздың, немерелердің ортасында ардақты әже-ата болып, өркендей беруіңізге тілектеспіз! Ізгі тілекпен: Мамандандырылған балалар үйінің ұжымы.
Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.