Біз жазғы маусымды аштық

Мамыр 14, 2022

Балалық шақ – адам дамуындағы аса маңызды кезең, себебі, дәл осы кезеңде салауатты, табысты, әрі бақытты өмір негізі қаланады.

Елордалық балалар үйінде кезекті маусымдық бау-бақшаның ашылуы болды.

Бүлдіршіндеріміз өздерінің жанұялық топтары егетін көкеністерді «Бақша Ханшайымының» сиқырлы қоржынынан таңдап алды. Балдырғандарымыз өздеріне түскен көкеністерді жаз бойы тәрбиешілерімен және мамандар көмегімен бірге егіп, күтім жасап өсіретін болады.

Жас ұрпақ тәрбиесінде еңбекке баулудың маңызы жоғары. Халқымыз ерте кезден-ақ баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеген. Ұлы ойшыл Ал-Фарабидің өзі «тәрбиенің негізі еңбекте» дейді. Балаларымызға еңбек жолында сәттілік тілейміз.

Оқылды 200 рет