Сюжеттік рөлді ойындар

Мамыр 08, 2022

Халқымыздың «Баланы  ойын өсіреді» деген даналық  сөзі  тегін  айтылмаса керек. Бала ойнап  жүріп ойланып, көңілі  өсіп, ойы сергиді. Ойын баланың  белсенділігін арттырып, тәртібіне де  оң әсерін  тигізеді, өзіне де баға бере алады. Сюжеттік рөлді ойын – балалардың  адамгершілік  жолындағы бір көтерілер  баспалдағы секілді.

Бүгін бүлдіршіндеріміз жанұялық сағатта “Сюжеттік рөлді ойындар” ойнап, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді.

Сюжетті-рөлді ойынның дамытушылық  маңызы зор. Ойында бала өзін қоршаған әлемді  таниды, сондай-ақ ойлау  операциялары, сезімі, еркі жетіледі, құрбыларымен қарым-қатынасы қалыптасып, өзін-өзі  бағалауы мен өзіндік санасы  орнығады, адамгершілік  қасиеттері  дамиды. Сюжетті рөлді  ойынның  бір жағымды  жағы – оны балалардың өздері  жасайды және балаларды  құрбы-құрдастарымен дұрыс  қарым-қатынас жасай  білуге  бейімдеп, ұжыммен,  яғни  көпшілікпен   санаса білуге, ересектердің  еңбегін  бағалай  білуге дағдыландырады. Ойынның дербес әрекеті айқын  өнерпаздық  және  шығармашылық  сипатта болады. Себебі ойын  барысында өздеріне  берілген рөлді  аса  жауапкершілікпен  қабылдап, өздерін  бір уақыт  ересектер санатына  қосып, ойлау қабілеттері  қалыптасады.

Оқылды 286 рет